Мақат ауданында  ақпараттық-түсіндіру тобының жоспарына сәйкес,  аудан әкімдігі қызметкерлерімен  кездесу өтті. «Қазақстандағы діни сенім бостандығы» тақырыбын қамтыған жиынға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Ғ.Ерешова, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының тарихшы маманы Е.Абзалов және 20-ға жуық мекеме қызметкерлері қатысты.

«Шапағат» қоғамдық қорының тарихшы маманы Е.Абзалов қызметкерлермен өткен кездесуде: «Елімізде қандай да бір ресми немесе міндетті діннің жоқтығын Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастың басты сипаттамасы ретінде анықтауға болады. Бұл біздің еліміздің ар-ождан және діни сенім бостандығын мойындайтындығы мен қамтамасыз ететіндігін, азаматтардың өз еркімен және қандай да бір мәжбүрлеусіз дінге қатынасын анықтай алатынын немесе өзін қандай да бір дінмен байланыстырмай және белгілі бір діни институттарға жүгінбей-ақ өмір сүре алатындығын білдіреді»,-дей келе, мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырудың осындай тәсілі елімізде мәдени және дүниетанымдық саналуандылықтың орнығуына жағдай жасап отырған заманауи және көпдінді Қазақстанның үйлесімді даму мақсатына толыққанды сәйкес келетіндігіне тоқталды.

Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, мекеме қызметкерлеріне ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.