Бүгін Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында зайырлы қоғамдағы дінаралық келісімді насихаттау мақсатында «Зайырлы қоғамдағы дінаралық келісім: Дәстүрлі құндылықтар мен діннің рөлі» атты өңіраралық конференция өтті.

Конференция жұмысына ҚР Қоғамдық даму министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығы» РММ Ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы, тарих ғылымының магистрі, дінтанушы Ж.Аханов, Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы «Аңсар» Ақпараттық-талдау орталығы басшысының орынбасары Т.Қалдыбаев, Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының басшысы Б.Шопанова, Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы А.Нұрахмедұлы, Атырау қалалық мәслихат депутаты, «Сазанқұрақ» ЖШС бас директорының орынбасары Ә.Семғалиев арнайы қатысты.

Сондай-ақ, конференцияға Батыс өңірінің Діни зерттеу орталықтарының, жастар ресурстық орталықтарының, жоғары және арнайы оқу орындарының басшылары, теолог мамандар, мешіт имамдары, студент жастар және БАҚ өкілдері қатынасты.

Жастар арасында дінаралық келісім мен дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға арналған конференция Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің акт залында өтті.

Конференция жұмысын Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының басшысы М.Құбышев ашып, жүргізіп отырды.

Орталық басшысы өз сөзінде: «Ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау әрі сақтау — жаһандану кезеңінде елді бекемдеудің кепілі. Бұл тұрғыда, ел болашағы – жас буын арасында дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттап, діннің қоғамдағы рөлін айқындауға бағытталған конференция жұмысынан жақсы нәтиже күтеміз»,-деп, бүгінгі конференцияға қатысушы баяндамашыларға сөз кезегін жолдады.

Алғашқы баяндаманы ҚР Қоғамдық даму министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығы» РММ Ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы, тарих ғылымының магистрі, дінтанушы Ж.Аханов жасап, мемлекеттің басты тірегі саналатын дінаралық келісім тақырыбын кеңінен сөз етті.

Сонымен қатар, конференция барысында арнайы шақыртылған өңірлік дін қызметкерлері мен Атырау облысы Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Мұсаев, Атырау қалалық мәслихат депутаты, «Сазанқұрақ» ЖШС бас директорының орынбасары Ә.Семғалиев, Атырау қалалық «Қ.Мұңайтпасов» мешітінің бас имамы А.Абдираманов, «Apec Petro Technic жоғары колледж» ЖШС директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Хаменова, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа

шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының маманы Е.Абзалов баяндама жасады.

Баяндамашыларға қойылған сұрақтар мен пікірлер конференция соңында талқыланып, ортақ ұсыныстар қабылданды.