Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысы аясында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» атты флэшмоб акциясына Атырау аграрлы-техникалық колледжінің студенттері белсенділікпен атсалысты.

Шараға Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығының» бөлім басшысы А.Құмарғалиева, Орталық маманы Ж.Көркембаева, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қабдолов, жастар жөніндегі маман Н.Мұқанғалиева, Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Д.Ғабдуллин қатынасты.

Орталықтың бөлім басшысы А.Құмарғалиева шараның кіріспе сөзін жасап: «Бүгінгі шараның мақсаты – облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын-алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау. Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Елдің қуаты мен қозғаушы күші де осы жастар. Олай болса, бар күш жігеріміз бен білімімізді бір арнаға тоғыстырып, ел игілігі жолында жұмыла еңбек етейік!»-дей келе, студент жастарды заманға сай ғылым-білімге үйір болуға шақырды.

Флешмоб барысында студенттер патриоттық әндерге флэшмоб биін орындап, «Экстремизмге жол жоқ», «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» деп ұрандатты.

Шара 20-дан астам жастарды қамтыды.