Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

         Атырау облысы әкімінің 2013 жылғы 12 шілдедегі №264 қаулысымен  Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, ү.ж. 1 қыркүйектен бастап күшіне енді. Ағымдағы жылдың 12 қыркүйек күні Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі алынды.            

Мекеменің құрылудағы басты мақсаты

•  Елдегі дін саласына қатысты мемлекеттік саясатты халық арасында насихаттау. Сондай-ақ, мекеме бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты деструктивтік діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, олардан зардап шеккендерге көмек көрсету, дін саласына қатысты әлеуметтік зерттеулер, ғылыми-талдау жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. игі шараларды атқару.

Орталықтың негізгі міндеттері

• Облыстық электронды және баспасөз ақпарат құралдары арқылы діни экстремизм мен кереғар діни ағымдар, секталар, олардың қоғамға зияндылығы әрі қауіптілігі тұрғысында халыққа кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бейнефильмдер мен роликтер дайындап көрсету, оларға сараптама жүргізу;

• Қала, аудандардың елді мекендеріндегі жергілікті тұрғындар, жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мекемелердегі студенттер мен оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, кереғар ағымдар мен секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жастарды олардың ықпалынан қорғау мақсатында кездесулер өткізу;

• Түрлі бағыттағы діни құрылымдардың жай-күйіне, олардың қызметтері мен табыну орындарына және келетін жамағаттардың құрамына сараптама жүргізу;

• Деструктивті діни ұйымдардан зардап шекендерді анықтау, оларға теологиялы, психологиялық, заңгерлік көмектер көрсету;

• Өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыстар атқару, жалпы қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалға талдау, сараптама жасау;

• Облыс көлемінде қызмет етіп жатқан медреселер мен басқа да діни оқу орындарының жұмыстарына сараптама жүргізу;

• Діни экстремизмнің, кереғар діни ағымдардың, секталардың іс-әрекеттерінің алдын алуға арналған ақпараттық және әдістемелік материалдар (лекциялар, фильмдер, бейнероликтер, буклеттер, брошюралар, кітапшалар, парақшалар) шығарып тарату;

• Облыс тұрғындары, жоғары, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу орындары жастары арасында дін мәселелеріне қатысты сауалнамалар жүргізу арқылы әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

• Деструктивті, соның ішінде ислам атын жамылған діни ағымдардың, секталардың қызметіне мониторинг жүргізу;

• Облыс көлемінде жұмыссыз жүрген жастарға сараптама жасау, діни ағымдарға, шетелде оқуға бейімділігін анықтау;

• Облыс, қала, аудандар бойынша жасалған діни ахуал картасына зертеулер нәтижесіне сәйкес өзгерістер енгізе отырып, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу.

 

Орталықта төрт бөлім жұмыс жасайды:

1. «Бағдарламалар және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру» бөлімі

2. «Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету» бөлімі

3. «Талдау және мониторинг» бөлімі

4. «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімі


 

Атырау облысы Дін істері

басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42, 105-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы       23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік меншік туралы» Заңының 159-бабына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2. Осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілсін.

3. Атырау облысы Дін істері басқармасы осы қаулыдан туындайтын барлық тиісті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары — Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.

5. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                                                           Б. Ізмұхамбетов