Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы

Құбышев Мейірбек Ғайнеденұлы 1978 жылы 9 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген.

1995 — 1999 жж. – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі» мамандығы;

2012 — 2014 жж. – Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1999 – 2002 жылдары Атырау қаласы Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-гимназиясында мұғалімдіктен бастап;

2002 – 2004 жж. – Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттыру орталығының» әдіскері;

01.06.2004 – 29.10.2004 жж.  – ҚР Ақпарат министрлігінің Атырау облысы бойынша ақпарат басқармасының ұйымдастыру жұмыстары және әлеуметтік технология бөлімінде Бас маман;

01.11.2004 – 31.12.2004 жж. қарашада – Атырау облысы Ішкі саясат департаментінің жастар саясаты бөлімінің Бас маманы қызметінде болған.

Жаңа басшы 2005 жылдан бастап осы мерзімге дейін Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарған.

2017 жылдың 21 маусымынан бастап Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ-нің басшысы.