Бөлім жұмысының мақсаты:

Елдегі дін саласына қатысты әлеуметтік зерттеулер, ғылыми-талдау жұмыстарын ұйымдастыру.

Облыстағы дін саласына қатысты ғылыми-талдау жұмыстарын, әлеуметтік мәселелерге, діни-рухани тәрбиеге, талдау жасау және осыларды саралап-сараптап қорытындылау.

Діни ахуалының күрделілігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, осы саладағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ету.

Бөлімнің міндеттері:

·        Облыс көлеміндегі дәстүрлі және басқа да діни конфессиялар, діни негізде құрылған секталар мен түрлі ағымдардың бүлдіруші әрекеттерін залалсыздандыру мақсатында, олар туралы толық мағлұмат қорын жасақтау;       

·        Облыс көлеміндегі қоғамдық-саяси және діни негізде қалыптасқан кейбір жағымсыз жағдайлардың, тұрғындар арасында теріс ұғымдар мен оғаш ойлар қалыптасуының алдын алу арқылы, елдік, отбасылық, дәстүрлі, жастар тәрбиесінде ұлттық үлгі боларлық ұстанымдарың тұрақты қалыптасуына қызмет ететін үкіметтік және қоғамдық ұйымдардың бағдарламалары мен жоспарларына көмек;         

·        Құзырлы органдар мен жергілікті атқарушы мекемелер арқылы облыс көлемінде орын алуы мүмкін теріс ағымдардың, діни негіздегі құқық бұзушылықтардың орын алуының  алдын-алу шараларына қажетті толық ақпаратты, біліктілік, тәжірбиелік әрекеттерге қажетті ақпаратты жинақтап, басшылыққа хабарлап отыру;

·        Облыс көлеміндегі БАҚ-да қоғамдық-саяси және діни ахуал төңірегінде, сондай-ақ, жергілікті әкімдіктер мен құзырлы мекеме басшылығына кеңесшілік көмек көрсету жолдары мен іс-шараларды ұйымдастыруды бағдарлап, нәтижелерін талдап зерттеп отырушы органдарға кеңесші-көмекші қызметін атқару;

·        Діни және ұлттық тақырыптар бойынша, оның ішінде форс-мажорлық оқиғалар мен жағдайларға да қатысты ақпараттарды беру туралы журналистер мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы диалогты қалыптастыру;

·        Атырау облысы тұрғындары, әсіресе ауыл тұрғындары мен студенттер арасындағы діни сауаттылыққа жетілдіруге бағытталған оқу жұмыстарының методикасын жетілдіру.