Бөлім жұмысының мақсаты:

Мемлекеттік идеологияны облыс көлемінде іске асыру бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету мен оларды алдын-ала жобалау, қажетті ақпараттар мен жан-жақты толық мәлімет алу тетіктерінің негізін құру мақсатында жұмыстар атқару.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

Қоғамдық-саяси, мәдени-ғылыми, әлеуметтік-тұрмыстық институттар мен ұлттық әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр мен діни таным арналарының, елдің бірлік пен мемлекеттік талаптарға сай жұмыс жасауына алғышарттар жасау, олардың халық арасында терең орнығып, қалыпты жұмыс жасауына мүдделілік тұрғысынан тұрақты ұғымдар, көзқарастар, түсініктер қалыптастыру бағытында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан ынталы топтар ұйымдастыру.

Облыстағы мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету жөнінде барлық жұмыстардың заң аясындағы үлгілері мен тәсілдерін жобалап, басшылық келісімімен оларды атқаруға қажетті іс-шаралар қорын жасақтап, олардың іске асырылуын жобалап отырады.