Бөлімнің мақсаты:

Ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу және зерделеу, облыстағы ұлтаралық және конфессияаралық жағдайға мониторинг жүргізу және ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ, қоғамдық-саяси әлеуметтік, діни-рухани даму үрдістерін сараптау.

Бөлімнің міндеттері:

·        облыс көлеміндегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік жағдайына мониторинг жүргізу;

·        облыстың қоғамдық-саяси дамуына, діни ахуалдың өзекті мәселелеріне социологиялық зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;

·        ішкі саясат бойынша ақпараттық-сараптамалық мәліметтер дайындау;

·        облыстағы қоғамдық пікір және ішкі саяси үрдістердің жағдайы мен сипаттамаларын, азаматтардың электоралды көңіл-күйлерін жан-жақты сараптау және талдау;

·        ішкі саясат мәселелері бойынша облыс әкіміне, Дін істері басқармасының бөлімдері үшін маңызды қоғамдық-саяси, дін салаларындағы және орталықтағы, жергілікті жерлердегі мемлекеттік органдардың ақпараттық-насихаттау мен идеологиялық жұмыстарындағы жағдайдың өзгеруі бойынша сараптамалық материалдар дайындау;

·        қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу, ғылыми-зерттеу орталықтары жөнінде ақпараттар жинау, орталық, қалалық, аудандық атқарушы органдармен қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жүргізу әдістемесі мен жүйесін және ұсынылатын, мәлімет сапасын жетілдіру мәселелері бойынша өзара байланыста жұмыс атқару;

·        облыстың қоғамдық-саяси мәселелері бойынша қажетті әдістемелік құралдар, брошюралар, анықтамалық және ақпараттық-сараптамалық материалдар дайындау;

·        ақпараттық-сараптамалық орталықтарымен өзара байланыс жасау;

·        діни астары бар ахуалдар мен түрлі проблемалар мен  олардың шешілу деңгейіне  сараптама жасау;

·        облыстың БАҚ-мен байланыс орнатып, олармен арада ақпараттар мен материалдар алмасу.