Өмірбаян

Моллақанағатұлы Рахматулла 1986 жылы 1 қыркүйекте дүниеге келген. 1993-2002 жылы ОҚО, Шымкент қаласы  Мұхтар Әуезов атындағы №32 санды орта мектебін бітірген.

2008-2009 жылы ОҚО, Түркістан қаласындағы «Хилует» орталық мешітінің сауат ашу курсын оқыған.

2010-2013 жылы ОҚО, Сарыағаш ауданы «Сарыағаш медресе колледж» бітірген.

2013-2016 жылдарда «Нұр-Мүбәрәк» ислам университетінің «Исламтану» мамандығын  тәмамдаған. 2012 жылы қажылық парызын өтеген.

2010– 2013 жылдары Сарыағаш ауданы, Дастан ауылының бас имамы қызметін атқарған.

2017-2018 жылдары БҚО, Теректі аудандық мешітінде бас имам болды. Шешендік қабілеті мен жамағат арасында беделі жоғары. Жамағаттары имамның қызметіне оң баға береді. Мұсылмандық парыздар мен мейрамдарды  жауапкершілікпен атқарып келеді.

Ұлты қазақ, білімі жоғары. арап, түрік парсы тілдерін меңгерген. Отбасылы, 5 баласы бар.