Бөлім жұмысының мақсаты:

Қоғамдағы діни ахуал бойынша халық арасында мемлекеттік идеологияны түсіндіру, облыс көлемінде деструктивті діни ағымдардан (секталардан) сақтандыра отырып, азаматтарды діни білімімен ұстанған бағыт — бағдарына теологиялық оң әсер ететін негізді ақпараттар беру, діни ағымдардың негативті ықпалдарын анықтап олардан азаматтарды сақтандыру, олардан қорғанудың жолдарын көрсету, дін жайында сауалнамалар жүргізу,  БАҚ-ы арқылы шынайы дәстүрлі дін ұғымын халыққа түсіндіру, кітаптар мақалалар жазу. Теріс діни ағымдардың (секталардың) іс-әрекеттерінен зардап шеккен тұлғаларға психологиялық көмектер көрсету және олардың алдын-алу, теріс бағытты діни топтар мен лаңкестік  ұйымдардың залалынан болған жазасын өтеушілермен және жазасын өтеп шыққан азаматтармен кездесулер өткізу.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

—         Облыстық электронды және баспасөз ақпарат құралдары арқылы діни экстремизм мен теріс діни ағымдар, секталар олардың қоғамға зияндылығы әрі қауіптілігі тұрғысында халыққа кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, бейнефильмдер мен роликтер дайындалуына әдістемелік көмектер көрсетеді;

—         Қала, аудандардың елді мекендеріндегі жергілікті тұрғындар, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мекемелердегі студенттер мен оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, теріс ағымдар мен секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, жастарды олардың ықпалынан қорғау мақсатында түрлі форматтағы кездесулер өткізеді;

—         БАҚ-ы арқылы теріс ағымдардың зияндылығынан зардап шеккен жастарға көмек көрсету, түрлі саладағы жастарға, мектеп жасындағы жастардың мінез-құлқының өзгеру сатысындағы кезеңдеріне арналған тақырыптық кездесулер өткізу. Сұраныс хат арқылы жасалған шақыртулар негізінде зардап шеккен азаматпен талап етілген орындарда психологиялық тренингтер өткізу, пікір-алмасулар ұйымдастыру. Теріс бағыттағы діни топтар мен лаңкестік ұйымдар әрекеттерінің алдын-алу мақсатында жазасын өтеушілер мен жазасын өтеп шыққан азаматтармен белгіленген кесте бойынша кездесулер, сұхбат-дәрістер өткізеді.