Бөлім жұмысының мақсаты:

Аудандағы діни ахуал бойынша халық арасында мемлекеттік идеологияны түсіндіру, аудан көлемінде деструктивті діни ағымдардан сақтандыра отырып, азаматтарды діни білімімен ұстанған бағыт — бағдарына теологиялық оң әсер ететін негізді ақпараттар беру, діни ағымдардың негативті ықпалдарын анықтап олардан азаматтарды сақтандыру, олардан қорғанудың жолдарын көрсету, дін жайында сауалнамалар жүргізу,  БАҚ-ы арқылы шынайы дәстүрлі дін ұғымын халыққа түсіндіру, мақалалар жазу. Теріс діни ағымдардың іс-әрекеттерінен зардап шеккен тұлғаларға теологиялық, психологиялық көмектер көрсету және олардың алдын-алу. Өңірдегі діни бірлестік өкілдерімен тығыз байланыс орнатып, діни бірлестіктер жұмысын зерделеу.

 

Бөлімнің міндеттері:
 
—                     Аудандық электронды және баспасөз ақпарат құралдары арқылы діни экстремизм мен теріс діни ағымдар, олардың қоғамға зияндылығы әрі қауіптілігі тұрғысында халыққа кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізеді;
—                     Аудандардың елді мекендеріндегі жергілікті тұрғындар, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мекемелердегі студенттер мен оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, теріс ағымдардың зиянды іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, жастарды олардың ықпалынан қорғау мақсатында түрлі форматтағы кездесулер өткізеді;
—                     Дін саласындағы мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін арттыруға және  қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған кездесулер, сұхбат, дәрістер өткізеді;
—                     Тұрғындарды Қазақстандағы діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметтері туралы, сонымен қатар дәстүрлі діндердің қызметінің мән-мағынасын ашып көрсетумен ақпараттандырады;