Бөлім жұмысының мақсаты:

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты аудан көлемінде іске асыру бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету мен оларды алдын-ала жобалау, қажетті ақпараттар мен жан-жақты толық мәлімет алудың негізін құру мақсатында жұмыстар атқару.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

—                     Аудандағы мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекет ету жөнінде барлық жұмыстардың заң аясындағы үлгілері мен тәсілдерін жобалап, басшылық келісімімен оларды атқаруға қажетті іс-шаралар қорын жасақтап, олардың іске асырылуын жобалап отырады.

—                     Тұрғындардың әртүрлі топтарының дін саласындағы негізгі түсініктерін қалыптастыру, сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылуын арттыру мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізеді;

—                     Дін мәселелері жөніндегі Ақпараттық-түсіндіру топтарын құрады;

—                     Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жеткізу мақсатында құрылатын Ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамына аудан көлеміндегі шешендік өнерге бейім, мақсатты аудиториямен жұмыс жүргізуге қабілетті білікті мамандарды, әсіресе, тарихшы, филолог, зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздармен жетілдіріп, АТТ мүшелерінің сапасын арттыруға жұмыстанады;

—                     әртүрлі сипаттағы деструктивті діни ағымдардың идеяларының қоғамға енуіне және таралуына тосқауыл қоятын іс-қимылдар мен идеологиялық жұмыстарды кадрлық әлеуеті жоғары әрі маманданған ұйымдарды тарта отырып кәсіби деңгейде атқаруға атсалысады;

—                     діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралардан соң тұрғындар, жастар арасында дін жайында сауалнамалар жүргізеді.