Атырау облысындағы діни ахуал туралы

Атырау облысы бойынша 29 исламдық, 3 православтық,  2 католиктік және 7 протестанттықбағыттағы діни бірлестіктер тіркелген, барлығы 41 діни бірлестік және филиалдар қызмет етуде.

Облыста 38 ғибадат үйі (ғимараттары) жұмыс жасауда. Олар  29 исламдық, 2 православиелік, 2 католиктік және 5 протестанттық болып табылады.

Қазіргі таңда облыста жалпы саны  65 имам қызмет етуде. Оның ішінде 19 имам діни немесе жоғары білімді, 22 имам діни немесе орта білім алғандар, қалған 24 имам ҚМДБ-нің қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарын аяқтаған.

Сондай-ақ өңірде 4 православтық, 6 католиктік және 18 протестанттық дін қызметшілері қызмет етуде.

Сонымен бірге, жыл басынан бері Дін істері басқармасына  11 миссионер (1-уі православ, 2-уі ислам, 8 -і католик) тіркеліп отыр.

Облыс бойынша діни әдебиет немесе діни заттарды сататын арнайы 12 сауда нүктелері тіркелді (Атырау қаласында — 10 және Құлсары қаласында – 2).

Облыста ресми тіркелген 3 намазхана жұмыс істеуде (1-уі «Дина» базарында, 2-уі «Байзар» сауда үйінде).