Құрметті Сайт оқырмандары мен қонақтары!

Осы сайт арқылы Сіздермен жүздескеніме қуаныштымын!

Біздің басты мақсатымыз – мемлекет және діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасының қазақстандық үлгісін қалыптастыру, өңір жұртшылығын радикализм, лаңкестік және экстремизм идеяларынан сақтандыру, дәстүрлі исламның тарихи маңызын, рөлі мен орнын айқындау болып табылады.

Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің веб-сайты интерактивті ақпараттармен, мемлекеттік дін саясатына қатысты өзекті проблемалар бойынша пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Облыстың дін саясаты саласында болып жатырған тың жаңалықтар туралы оқырмандарымыздың сайт беттерінен оқып-танысуына жол ашады. Мұнда, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысы, жүргізіліп жатқан іс-шаралар,жүзеге асырылып отырған жобалар, атқарылған жұмыстар көрініс табады.

Сенім артып, сайтымыздың қызметіне жүгінгендеріңіз үшін Сіздерге алғыс білдіреміз.

Біз алдағы уақытта да Сіздермен өзара тиімді ынтымақтастықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға дайынбыз.

Барша оқырмандарға денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, еліміздің бірлігі мен ынтымағы нығая берсін!