Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы

Көшқалиев Қайролла Дүйсешұлы – 1968 жылы 30 маусымда ҚАЗ ССР-ның Гурьев қаласында дүниеге келген.

1975-1985 ж.ж. аралығында Ю.А.Гагарин атындағы орта мектепте білім алған.

1986 ж.ж. Совет Үкіметі әскерінің қатарына шақырылып, Афганистан Республикасында әскери борышын өтеген.

1998-2002 ж.ж. ҚАЗ ССР-ның Гурьев атындағы Педагогикалық институтының дене шынықтыру мұғалімі факультетін бітірген.

17.01.1989 — 19.03.1989ж.ж. «Эмбамұнайгеофизика» АҚ-ның 4/88-89 сейсмикалық партиясының 2 дәрежелі қызметкері;

07.04.1989 — 17.08.1989 ж.ж. ҚАЗ ССР Гурьев қаласының телеграф-телефон станциясының Автоматты телефон станциясы желісі цехының кабель жүргізуші оқушысы;

06.02.1991 — 12.07.1991 ж. ж. «Каскад» күзетінің қызметкері;

07.08.1991 — 06.05.1992 ж.ж. «Журавль» Шағын кәсіпкер күзетінің басшысы;

05.05.1992 — 16.01.1995 ж.ж. ҚР Ішкі әскер №5546 бөлімі командирінің орынбасары;

12.02.1995 — 16.12.1998 ж.ж «Здоровый клуб» мекемесінің  көпшілік ұйымдастыру жұмыстарының маманы;

26.02.1999 — 07.01.2002 ж.ж. Атырау облысы Қаржы полиция департаментінің аға инспекторы;

08.02.2002 — 05.03.2003 ж.ж. «Атырау-Моторс» ЖШС директорының орынбасары;

01.02.2009 — 31.01.2012 ж.ж. «Люкс Компаний» ЖШС  комерциялық директоры;

04.03.2015 —  21.09.2016 ж.ж.  Атырау облысы Дін істері басқармасының бас маманы;

21.09.2016  жылдан бастап Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы.